KZNEWS.KZ
Әлеумет

"Досым, шыдашы...": Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаздың анасы жұмбақ жайтты айтты

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Самал Кеулованың айтуынша, ұлы ауруханада жатқанда одан сол түні не болғанын сұраған. Ақжол ең қиын сәтте Бекет есімді әскери досының дауысы жігер бергенін айтқан.

«Ақжолдың айтуынша, ең қиын сәтте оған Бекет көмектесіп, жігер берген. «Ақжол, досым, шыдашы, құрттай ғана қалды!» деп айқайлаған дауысы оған күш берген екен», – деп жазды анасы.

Ұлының аман қалғанына шүкіршілік еткен ана оған қолдау көрсеткен Бекетке алғыс айтуды ойлаған. Алайда кейін Бекет пен Никитаның да ауруханаға түскенін естіп, балалардың бір-бірімен кездесіп, әңгімелесуі үшін дастарқан әзірлеген.

Кейін Самал Кеулованың назарын бір жайт аударған. Ақжол мен Бекет күнделікті қарым-қатынаста бір-біріне «досым» деп сөйлемейтін болып шыққан. Анасы бұл сөздің мән-жайын сұрағанда, ұлы Бекеттің апат кезінде өзін көрмегенін айтқан.

Соған қарамастан Ақжол сол қиын сәтте құлағына анық естілген дауысты ұмытпаған.

«Құлағында қалған сөз – «Ақжол, досым, шыдашы!». Осыны естіген сәтте ойыма бірден Азамат түсті… Өйткені Азамат Ақжолға үнемі «досым» деп сөйлейтін еді ғой», – деп жазды Самал Кеуелова.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →