Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дональд Трамп: "Владимир Путин есінен ауысқан"

Дональд Трамп: "Владимир Путин есінен ауысқан"
фото: AP Photo

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей билігінің әрекеттерін қатаң сынға алып, Владимир Путин «есінен айырылғанын» айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz порталына сілтеп.

Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп өзінің бұған дейін Ресей президентімен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтқан. Алайда оның пікірінше, Путинге «бірдеңе болған».

«Ол мүлдем есінен ауысқан! Ол бекерге адамдарды қырып жатыр, мен тек сарбаздар туралы айтып тұрғаным жоқ. Зымырандар мен дрондар Украина қалаларын еш себепсіз атқылап жатыр», — деп жазды Трамп.

Оның айтуынша, егер Путин бүкіл Украинаны басып алуға тырысса, бұл «Ресейдің күйреуіне» әкеледі.

Сонымен қатар, Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді де сынға алды.

«Оның айтқандары тек мәселе тудырады. Маған бұл ұнамайды және бұл тоқтағаны дұрыс. Бұл — менің соғысым емес. Бұл — Зеленскийдің, Путиннің және Байденнің соғысы. Егер мен президент болғанымда, бұл соғыс мүлде басталмас еді», — деді ол.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан