Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы 430 теңгеден асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ретте айырбастау пунктері долларды 430 теңгеден сатып алып жатыр.
Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 405,46 теңгені құрады.
Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша, елордадағы айырбас орындарында долларды сатудың орташа бағамы 431,05 теңгені, ал Алматыда 435,45 теңгені құрады. Тиісінше, еуро орташа есептегенде 424,01 теңге және 477,89 теңгеден сатылып жатыр.
stan.kz