KZNews.kz
Қоғам

"Диплом сатып алу" - Перизат Қайрат сотында тағы бір іс пайда болды

Айжан Сыланова
Фото: ulysmedia

«Сол кезде ол министрдің көмекшісі қызметіне орналасуды жоспарлап жүрген еді», – деді сотта куәлік еткен Толғанай Боранқұл.

Сот барысында қыздан «замутить диплом» тіркесін қалай түсінетіні сұралды.

«Меніңше, бұл – дипломды сатып алу немесе сырттай оқу арқылы алу, мемлекеттік қызметке тұру үшін қажет болған», – деп түсіндірді ол.

Боранқұлдың айтуынша, Перизат шетелде алған дипломын Қазақстанда қалай заңдастыруға болатынын сұраған. Ол өзі де шетелдік оқу орнын тәмамдағанын айтып, дипломын нострификациядан қалай өткізгенін түсіндірген.

«Перизат осы процесті сұрап білді. Кейін менің дипломымды қалай рәсімдегенімді суретке түсіріп көрсетуімді өтінді. Мен оған фото немесе сканерленген нұсқасын жібердім», – деді ол.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →