life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Діни қызметкер 16 жасар қызды шіркеудің ішінде зорлаған

Діни қызметкер 16 жасар қызды шіркеудің ішінде зорлаған
Фото: depositphotos.com

Нигерияның Насарава штатында шіркеудің діни қызметкері 16 жастағы бойжеткенді «бойын жын билеген» деп отбасын сендіріп, зорлап кеткен, деп хабарлайды kznews.kz Nation басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Асоние Исайя жасөспірімнің туыстарына қыздың «рухани дертке» шалдыққанын және оны тез арада өзен бойында тазарту керек екенін айтып сендірген. Тәтесі оның сөзіне сеніп, қызды діни қызметкердің қолына тапсырған.

Алайда ер адам тазарту рәсімін жасаудың орнына, бойжеткенді қонақ үйге апарып зорлаған.

«Пастор кәмелетке толмаған қызды алдап, оған бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен, оның ішінде шіркеу алтарінде және өзінің құс фермасында да зорлаған деген айып тағылып отыр», — делінген хабарламада.

Осыдан кейін ол өз құрбанын, егер болған жайтты біреуге айтатын болса, өлтіремін деп қорқытқан.

Оқиға туралы жасөспірімнің қамқоршысы қыздың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап, полицияға жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қылмыскер ұсталды. Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер