Олимпиадада 10-орын алған Софья Самоделкинаға 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

13 жасар қызды әкесінің досы зорлап, инфекция жұқтырған

13 жасар қызды әкесінің досы зорлап, инфекция жұқтырған
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 13 жастағы қызға қатысты зорлық жасалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаға байланысты қала полициясы қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

Адвокат Ләззат Рақышева Instagram парақшасында қылмыс 2025 жылғы қыркүйекте қыздың әкесінің танысы тарапынан жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, күдікті ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ оқиға кезінде қыздың анасы (дәрігер) басқа іс бойынша жазасын өтеп жүргені, оған тергеу мен сот процесі туралы дер кезінде хабар берілмегені айтылды. Анасы бұл жағдайды алты айдан кейін ғана білген. Осы аралықта кәмелетке толмаған қызға қысым көрсетіліп, соттағы куәлігі өзгергені хабарланды. Бұған қоса, балаға психологиялық көмек көрсетілмегені айтылды.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 2025 жылғы желтоқсанда сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.