Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Динара мен Жансаяның тартысы әлем чемпионатында жалғасты

Динара мен Жансаяның тартысы әлем чемпионатында жалғасты

Санкт-Петерборда шахматтан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы үш турында Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік Ресей, Моңғолия, Грекия және Германиядан келген қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.

Төртінші турда қыздар бір-бірімен ойнап, 0,5:0,5 есебіндегі тең нәтижеге қол қойды.

Гүлісхан Нахбаева бірінші турда әлемнің үш дүркін чемпионы Анна Музычукпен кездесіп, жеңіліп қалды. Бірақ 2-4 турларда қатарынан үш рет жеңіске жетіп, есесін қайтарды. Сонымен, қазақстандық спортшылар 4-турды тоғыз жеңіс, бір жеңіліспен аяқтады. Ерлер де рапидтің алғашқы бес турында жақсы ойын көрсетті. Рүстем Хуснутдинов екінші раундта Беларусь спортшысы Сергей Жигалкодан басым түсті. Қалған партияларда тең нәтиже тіркелді. Ринат Жұмабаев ресейлік Кирил Шубин, Всеволод Овчинников және Дреев Алексейді жеңді. Халықаралық гроссмейстеріміз тек өз отандасы Даниил Дубовқа есе жіберді. «Әлем чемпионатының алғашқы күнінің қорытындылары бойынша, қазақстандық шахматшылар тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Келесі партияларда біздің шахматшылар мұнан да сапалы ойын көрсетеді деп сенемін», – дейді Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Қазақстан намысын Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Рүстем Хуснутдинов, Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаевалар қорғайды.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын
Автор
Әлихан