Дархан Мұсабаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмін көріп, картинаға қатысты ойын бөлісті. Ол туындыда құтқарушылардың қауіпті қызметі мен жеке өмірі жақсы бейнеленгенін атап өтті. Алайда фильмнің оқиғасы тым созылып кеткенін де жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.
«“Соңыра” фильмін көріп шықтым. ТЖМ, өрт сөндіру, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олар да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген», – деді ол.
Сонымен қатар ол фильмнің баяндау қарқынына көңілі толмағанын айтты. Оның сөзінше, қысқа әрі жинақы жеткізуге болатын оқиға шамадан тыс созылған. Дегенмен актерлердің ойынына жоғары баға берді.
«Бір қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Актерский состав өте мықты», – деп түйіндеді Дархан Мұсабаев.