Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаштың домбырадағы шеберлігі үш ел президентін тәнті етті

Димаштың домбырадағы шеберлігі үш ел президентін тәнті етті
Фото: instagram.com/dimash.news

Мемлекет басшыларының әңгімесі туралы Президенттің қызметін ақпараттық тұрғыда сүйемелдейтін журналист Әділ Балтабаев Instagram парақшасында жазды. Ол Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында өткен концерттен видео жариялап, көшбасшылардың пікірін жеткізген.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Анкарадағы өнері үш елдің президентінің назарын аударды. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев әншінің домбырада шебер ойнағанына тәнті болса, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қазақстандық өнерпаздардың өнер көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенді «әлемдік жұлдыз» деп атаған. Ал Шавкат Мирзиёев әншінің домбырада виртуоз орындауына таңданысын білдіріпті. Қазақстан Президенті оның кәсіби музыкант екенін де атап өткен.

«Режеп Тайип Ердоған тіпті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандық өнерпаздардың өнер көрсеткені үшін арнайы алғыс айтты. Ал президенттердің әңгімесінде Димаш Құдайберген ерекше тақырыпқа айналды! Қасым-Жомарт Тоқаев оны “әлемдік жұлдыз” деп атады. Ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Димаштың домбырада виртуоз ойнайтынына тәнті болды. Бұған Мемлекет басшысы Димаштың кәсіби музыкант екенін қосты», – деді Әділ Балтабаев.

Журналистің жазбасы желі қолданушыларының да қызығушылығын тудырды. Қазақстандық тыңдармандар әншіні халықаралық деңгейдегі шарада өнер көрсетуімен құттықтаса, Түркиядан пікір қалдырғандар концерт үшін алғыс білдірген.

Айта кетейік, түркі әлемі өнер шеберлерінің концерті 30 қазанға қараған түні Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында өтті. Оны ұйымға мүше елдердің президенттері тамашалады.

Музыкалық бағдарламада түркі халықтарының шығармалары орындалды. Концертке «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Президентінің симфониялық оркестрі қатысып, өнер көрсеткен әншілердің қатарында Димаш Құдайберген де болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.