KZNews.kz
Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

Torgyn Abushakhman

Әншінің бұл жауабына қатысты жұрт жылы лебіздерін білдірді

Белгілі әнші Димаш Құдайберген қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Әнші желі қолданушылары тарапынан қойылған «Қашан үйленесің?» деген сауалға жауап берді.

«Енді білмеймін. Айтпаймын. Айтқым келмейді. Себебі бұл – менің жеке өмірім. Сол себепті айып етпеңіз. Көре жатармыз. Алла Тағаланың қалауымен болады ғой бәрі», - деп Димаш Құдайберген қысқа қайырды.

Әншінің бұл жауабына қатысты жұрт жылы лебіздерін білдірді.

«Әжесінің көзі тірісінде үйленуі керек», «Алла Тағаланың қалауымен», «Жұмсақ жеткізді, ешкімді ренжітпей», «Жарайсың, бақытты бол жаным, жақсылықтың ерте, кеші жоқ», «Бақытты бол, Димаш, тілеулеспіз. Алла қаласа адал инабатты жар бұйырсын», «Иә, бұйырған күні үйленер, ақылды білімді Димаштай баланы бағалайтын, қолдайтын қыз жолықсын деп тілеимін», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген белгісіз бойжеткеннің дауысына ғашық болғаны хабарланған болатын.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары