Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген "Песня года" фестивалінде көрермен ықыласына бөленді

Димаш Құдайберген "Песня года" фестивалінде көрермен ықыласына бөленді
Димаш Құдайберген "Песня годя" фестивалінің сахнасында. Фото: ©Sputnik/ Максим Блинов

Димаш Құдайберген Ресейдегі “Песня года” музыкалық фестивалінде көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Фестиваль Мәскеудегі “Олимпийский” спорт кешенінде өтті.

Ресейдегі ірі музыкалық шарада өнер көрсеткен сәтінің фрагменттерін әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

“Песня года”. Рахмет, “Олимпийский”. Маэстро Игорь Яковлевич Крутойға әндері, қарапайымдығы, маған және менің халқыма деген сүйіспеншілігі үшін зор алғыс айтамыз. Сіз шынымен де “Крутойсыз”! Шексіз рахмет, – деп жазды әнші.

Әнші жария еткен кадрлардан оған қызыл кілемде ерекше ықыласпен қошемет көрсетіп жатқан жұртты көруге болады.

“Песня года” – 47 жылдан бері өткізіліп келе жатқан телевизиялық музыкалық фестиваль. Осы уақыт ішінде бұл бағдарламада 2000-ға жуық ән орындалды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Мадияр