"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген: балаларды бай болуға үйретпеңіздер

Димаш Құдайберген: балаларды бай болуға үйретпеңіздер

Жас әншінің пікірінше, балаларды бай болуға емес, бақытты болуға үйрету керек

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзін не бақытты ететінін айтып, талантты балалардың ата-аналарына кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балаларды бай болуға емес, бақытты болуға үйретіңіздер. Сонда олар есейгенде, әр нәрсенің бағасын емес, құндылығын білетін болады. Мен сахнада сіздердің алдарыңызда тұрған кезде, шынымен бақыттымын. Өздеріңізді күтіңіздер", - деп жазды Құдайберген инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері қазақстандық әнші Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін береді. Шығармашылық кешті ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашӘли" орталығы ұйымдастырып жатыр.

Тағы оқыңыз: Димаштың Астанадағы концерті: билеттерді қашан және қалай сатып алуға болады

Ал 29 маусымда елордада Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты концерті өтеді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан