Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Мәдина Думанқызына қатысты пікір білдірді

Димаш Мәдина Думанқызына қатысты пікір білдірді

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «Sing! China» байқауына қатысып жатқан қандасымыз Мадина Думанқызына сәттілік тіледі.

«Бүгін Мадина Думан атты қарындасымыздың әуелеген әнін тыңдадым. «Қытай дауысы» жобасының тәлімгері Ли Цзянь мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтамын. «I am singer» байқауында мен сырқаттанын қалған кезде Ли маэстро да қалпыма келуім үшін сирек дәрі әкеліп, көмектесіп еді», - деп жазды әнші Instagram парақшасында .

https://www.instagram.com/p/CGPbuf4n69d/

Сонымен қатар Димаш Мадинаға да «Ұмытылмас күн» әнін шебер орындағаны үшін рахмет айтты.

«Қайда болсын осы әнді шырқаймын десеңіздер қарсылығым жоқ. Осындай керемет әншінің шығармамды орындап жатқаны мен үшін зор бақыт. Сәттілік Мадина. Атақ-абыройы асқақ әншіге айналарыңа сенімдімін. Армандарға қадам баса бер», - деп жазды әнші.

Автор
Данияр