Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты

Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты
2024 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы әнші және халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылуы өтті. Бұл туралы Dimashnews сайты жазды.
Мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.
Фото: dimashnews.com
Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі (BTCS) – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы. Мұнда балалар негізгі білім алатын пәндермен қатар креативті факультеттерде өздерінің шығармашылық таланттарын дамыта алады. Әр түрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультеті аясында өтеді.
Digital факультеті бағдарламалауды, веб-әзірлеуді, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы әртүрлі озық технологияларды үйретеді.
Бейнелеу өнері, графикалық және архитектуралық дизайн арқылы балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған арнайы Аrt факультеті сыныбы бар. STEM факультеті Физика, Химия, биология, инженерия және робототехника бағдарламаларын қамтиды. Димаш Құдайберген мен Арманжан Байтасов болашақ оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа ұрпақтың жаңа Қазақстанның дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Автор
Әлихан

Журналист