Қоғам

"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі ұзартылды

KZNEWS KZNEWS
"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі ұзартылды

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды", - деді Бас прокуратура Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

  • 287 Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі "Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру";

  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру;

  •  126 ҚК-нің 3-бөлігінің 3-тармағы өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып "Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру".


https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=a-7f3vbc2n8&feature=emb_imp_woyt

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz