ка

Диагноз дұрыс қойылмаған: Қостанайда 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды

08.04.2025 09:35
0
9
7 жасар Раяна Қабжанова шамамен бір ай бойы респираторлық аурумен ауырған. Қайғылы жағдайдан кейін ата-анасы №3 емхананың дәрігерлерін, жедел жәрдем қызметін және балалар ауруханасының мамандарын қыздарының өліміне кінәлады. Анасының айтуынша, 28 ақпанда Раянада жөтел пайда болған, сол кезде №3 емхана мамандары антибиотик пен шәрбат қабылдауға кеңес берген. 7 наурызда дәрігер қыздың мектепке баруына рұқсат береді. Алайда бірнеше күннен кейін баланың жағдайы нашарлап, отбасы қайтадан емханаға жүгінген. Бұл жолы диагноз — ангина болып, симптоматикалық ем тағайындалған.
"Ангина деп айтып, тек тамағын шаю керек деді. 14 наурызда Ткачук есімді дәрігерге барып, антибиотикті ауыстыруды өтіндік. Ол ұсынысымызды қабылдады, бірақ баланың қызуы түспеді", – деді анасы.
Кейінірек дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызады. "Цефазолин" еккенімен, дене қызуы басылмаған. Анасының айтуынша, ауруханада тиісті ем уақтылы көрсетілмеген. Ақылы палатаға ауыстырылғаннан кейін ғана пневмония диагнозы қойылған. 18 наурызда қыз жансақтау бөліміне жеткізілген.
"Сол күні, 18 наурызда, сағат 16:00-де жұбайым ауруханаға барып, қызымыздың жағдайын сұрады. Бәрі жақсы деді. Бірақ сол түні, 18-інен 19-ына қараған түні, Раянамыздан айырылып қалдық", – деді әкесі Рүстем.
фото: top-news.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий