Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде 150 парамедик дайындалады

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде 150 парамедик дайындалады

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінде 2026 жылы 150 әскери қызметші-парамедик дайындау жоспарланып отыр. Оқу процесі ұрыс жағдайына жақын ортада алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруге арналған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қаласында өткен кезекті оқу-жаттығу жиындары аясында Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарынан келген 35 әскери қызметші Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығы нұсқаушыларының басшылығымен бір апталық курстан өтті.

Оқу бағдарламасы тактикалық медицина бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Әскери қызметшілер жараланған адамның жағдайын бағалау тәртібін, қан кетуді тоқтату тәсілдерін, постгеморрагиялық шок кезіндегі іс-қимылды, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруді және жүрек-өкпе реанимациясының негізгі әдістерін меңгерді.

Тәжірибелік сабақтар арнайы жаттығу орындарында өтті. Әскери қызметшілер медициналық құралдарды пайдаланып, өзіне және өзгеге көмек көрсету тәсілдерін үйренді. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар емтихан тапсырып, сертификаттар алды.

 – Жарақат алған кезде болатын өлім-жітімнің басым бөлігі алғашқы он минутта орын алады. Сондықтан әскери қызметшінің жанында дайындалған парамедиктің болуы шешуші мәнге ие, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының медицина қызметінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Ильзат Мусаев.

Әскери парамедиктерді даярлау – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің медициналық қамтамасыз ету жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі. Бұл жұмыс жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. 2023 жылдан бері Десанттық-шабуылдау әскерлерінде 300-ден астам парамедик дайындалды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.