Әлем

«Депуттаттар бір-бірінің шашын жұлды»: Парламентте төбелес болды

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
«Депуттаттар бір-бірінің шашын жұлды»: Парламентте төбелес болды
Фото: YouTube/Theeconomictimes

Мексика астанасы Мехикодағы қалалық конгрессте күтпеген жанжал орын алды. Оппозиция қатарындағы әйел депутаттар арасында сөз таласы физикалық қақтығысқа ұласып, оқиға көпшіліктің көз алдында өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Дау қалалық биліктің ашықтығын бақылайтын агенттікті қайта құрылымдау мәселесі қаралып жатқан сәтте туындаған. Сол сәттегі бейнежазбада депутаттардың бір-бірінің шашынан тартып, итерісіп, төбелеске дейін барғаны анық көрінеді. Кадрлар лезде әлеуметтік желілерге тарап, қызу пікірталасқа себеп болды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, солшыл бағыттағы «Морена» партиясы оңшыл Ұлттық іс-қимыл партиясының (PAN) өкілдерін парламенттік тәртіпті бұзды деп айыптаған. Ал оппозиция мінберден кетуден бас тартқан. Осыдан кейін «Морена» мүшелері PAN депутаттарын залдан күшпен шығаруға әрекет жасаған.

Конгресс залындағы айқай-шудың бәрі тікелей эфир арқылы көрсетілген. Қақтығыстан соң PAN фракциясы залды тастап шықса, «Морена» депутаттары отырысты жалғастырған. Кейін екі тарап та бір-бірін айыптап, жауапкершілікті қарсы жаққа жүктеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылап, саясаткерлердің мұндай әрекетін сынға алып жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz