Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин енгізудің арқасында инфекцияға шалдығу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының таралуына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекованың айтуынша, соңғы төрт күннің ішінде коронавирустың таралуы бәсеңдеген. Індетті жұқтырғандардың саны 3-7 процент болды.  

"Алайда біз індеттің өршу шегіне әлі жеткен жоқпыз. Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин енгізудің арқасында инфекцияға шалдығу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Ал басқа аймақтарда эпидемия күшейіп келеді. Жалпы, бір-екі аптаның ішінде өршу шегіне жетеді", - деді Жақселекова.   

Оның сөзіне қарағанда, биыл басқа аурулар бойынша өлім-жітімнің азайғаны байқалып отыр. Мәселен, өткен жылы қаңтар-ақпан айларында 23 700 адам қайтыс болса, биыл осы уақыт аралығында 22 700 адам көз жұмған. Осылайша адам өлімі 5 процентке төмендеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды 

"Аурулардың түріне келер болсақ, бірінші орында – жүрек қан тамыр аурулары, одан кейін тыныс алу органдары, қатерлік ісіктер, жазатайым оқиғалар мен ас қорыту органдарының аурулары келеді", - деп атап өтті Жақселекова.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан