Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денис Теннің ісі сотқа түсті

Денис Теннің ісі сотқа түсті

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты іс Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс сотқа 13 желтоқсан күні түскен. Айыпталушылар үш адам: Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. Басты сот отырысы болатын уақыт әлі бекітілмеген. Осыған дейін күдіктілерді қамауда ұстау уақыты бірнеше рет ұзартылған болатын.

Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесінде еліміздің мақтанышы, олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді Алматы қаласының орталығында белгісіз біреулер пышақтап өлтіріп кеткен болатын. Күдіктілер спортшының жеке көлігінің айнасын ұрлаған. Денис Тен оларға қарсылық білдіру барысында ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем бригадасы чемпионды №12 қалалық ауруханаға жеткізген. Алайда спортшы екі сағаттан соң 17:30-да көз жұмды.

Абай Аймағамбет

Дереккөз: Айқын
Автор
Арман