Білім

Дефис деген не, дефис қай кезде қойылады?

KZNEWS KZNEWS
Дефис деген не, дефис қай кезде қойылады?

Кей адамдар дефистің қай жерге қойылатынын білмей шатасып жатады. Бүгінгі материалымызда  дефис қойылатын негізгі жағдайларды ұсынамыз.


1. Қос сөздердің аралығына дефис қойылады: бала-шаға, ата-ана, көрші-қолаң, тау-тау т.с.с.

2. Күшейткіш буыннан кейін дефис қойылады: жап-жасыл, топ-толық, жап-жақсы т.с.с. Бірақ ақ және көк сөздеріне күшейткіш буын үстелгенде, дефис қойылмайды: аппақ, көкпеңбек (ап-ақ, көп-көк емес).

3. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, одан кейін келетін зат есімнің алдынан дефис қойылады: 8-сынып, 2-қабат, 3-орын т.с.с. Сондай-ақ сан есімнен кейін -ыншы/-інші қосымшасы жалғанса да, арасына дефис қойылады: 6-ыншы, 7-інші т.с.с. Алайда сан есім рим цифрларымен берілсе, дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІІІ сессия т.с.с.

4. Топтық сан есімдерден кейін дефис қойылады: бір-бірден, екі-екіден, бір-бірлеп т.с.с.

5. Болжалды сан есімдер екі сан есіммен тіркесіп келсе, арасына дефис қойылады: екі-үштерде, отыз-қырықтарда, үш-төрт т.с.с.

6. Қысқарған сөзден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан қойылады: ҚазҰУ-ға, БҰҰ-дан т.с.с. Алайда буын түрінде қысқарған сөздерден кейін келген қосымшаның алдынан дефис қойылмайды: ауаткомға, ұжымшарда т.б.

7. Шетелдік компания немесе шетелдік тауар (өзге тілдің әріптерімен жазылған) атауларынан кейін қосымша жалғанғанда дефис қойылады: Toshіba-ға, «Henkel»-ден т.с.с.

8. Техника маркаларын көрсететін шартты белгілерден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: ТУ-104-ті, ДТ-54-пен т.с.с.

9. Өлшем бірліктері қысқартылып берілген кезде жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: см-ге, кг-нан, 10°-қа т.с.с.

10. Араб есімдерінде кездесетін әл артиклінен кейін дефис қойылады: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни т.б.

11. -мыс, -ақ, -ау, -ай демеулік шылауларынан бұрын дефис қойылады: келіпті-мыс, сен-ақ, сәулем-ау, қалқам-ай т.с.с.

12. Өткен шақ қосымшаларының (-ды, -ді) алдынан дефис қойылады: келетін-ді, баратын-ды т.с.с.

дефис қойылмайтын жағдайлар қазақша туралы дұрыс қойылған қойылатын сөздер казакша казак дефис қойылатын негізгі жағдайлар

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz