KZNews.kz
Қоғам

“ Дефибрилляторды қолданбадық”: Үш жасар қызға наркоз берген анестизиолог сот алдында жауап берді

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы Dental Park Ortho стоматологиясында үш жастағы қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметінше, дәрігерлер балаға бірден 18 тісін емдеу үшін жалпы наркоз (Севоран) қолданған. Наркоздан оянған сәтте кішкентай пациенттің жүрегі тоқтап қалған.

Сотта операция бөлмесіндегі бейнежазба көрсетілді. Онда емдеу процесі төрт сағаттан аса уақытқа созылғаны байқалады. Бейнекадрларда стоматолог пен ассистент әдеттегідей жұмыс істеп, музыка тыңдап отырған, ал анестезиолог Аида Жұмағалиева (айыпталушы) монитор арқылы баланың жағдайын бақылап отырған.

Баланы наркоздан шығару кезінде жағдай күрт нашарлаған: анестезиолог алдымен ассистентіне бір нәрсе көрсетіп, кейін дереу жүрекке жанама массаж жасауды бастайды. Айыпталушының айтуынша, сол сәтте мониторда бірнеше секунд фибрилляция байқалып, артынша жүрек соғысы тоқтап қалған.

«Дефибриллятор әкелінді, бірақ жүрек тоқтап қалғандықтан оны қолдануға болмады. Разряд тек фибрилляция кезінде жарамды. Сондықтан қолданған жоқпыз», — деді Жұмағалиева.

Оның айтуынша, ол реанимациялық шараларды тоқтатпай жүргізіп, қажетті дәрілерді енгізуді нұсқап, сол мезетте телефон арқылы да байланыс жасаған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары