Қоғам

Алаяқтарға банк картасын берген 17 жасар жасөспірім 7 жылға сотталуы мүмкін

Алаяқтарға банк картасын берген 17 жасар жасөспірім 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Freepik

Бас прокуратураның мәліметінше, заң күшіне енгеннен кейін дропперлерге қатысты 7 қылмыстық іс тіркелген.

Мәселен, Астанада 17 жастағы жасөспірім алаяққа өз банк картасының мәліметтерін бергені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу дерегінше, ол картаны берген адам осы деректер арқылы Қазақстан азаматының ақшасын ұрлап кеткен.

Құзырлы органның түсіндіруінше, жаңа заң нормалары қаржы алаяқтығының таралуына тосқауыл қою және қылмыскерлерге көмек көрсететін тұлғалардың әрекеттерін қатаң жазалау мақсатында енгізілген. Енді кез келген адам өз картасын немесе деректерін бөгде тұлғаға беру арқылы алаяқтық қылмысына серік деп танылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz