KZNews.kz
Шоу-бизнес

ДДҰ коронавирустың аяқталу мерзімін атады

KZNEWS

ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.

Оның айтуынша, 1918 жылғы "Испан тұмауы" эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп.

- "Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар", - деді ұйым басшысы.

Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.

Oinet.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары