Даулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойған, деп хабарлайды kznews.kz
Ақорданың мәліметінше, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бекманов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2025 жылғы шілдеде келген.
Бұған дейін Даулет Бекманов «Қазпошта» АҚ-да мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директор болған. Аталған қызметті 2023 жылғы мамырдан бастап атқарған.
Ал 2020 жылғы ақпаннан 2023 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарды.