Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта ойнай алмайтын болды

Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта ойнай алмайтын болды
фото: ашық дереккөз

Ол Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының алғашқы төрт матчын өткізіп алуы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Англияның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі болғандай, 18 жастағы футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алып қалған. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында Сәтбаевты алаңнан ауыстырғаннан кейін ақсаңдап, санының артқы жағын ұстап тұрған.

Қазақстандық шабуылшы «Бернлидің» келесі ойынына – «Бристоль Ситиге» қарсы кездесуге (1:2) қатысатындар тізіміне енбеді. Матчтан кейін команданың бас бапкері Ники Хайен ойыншының жағдайы туралы мәлімет берді.

«Өкінішке қарай, ол бірнеше апта ойнай алмайды. Осыған дейін айтқанымдай, оның маусым алдындағы дайындығы толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені беріп, сонымен бірге оларды шамадан тыс жүктемеден қорғауға тырысамыз. Мұнда дұрыс тепе-теңдікті табу қажет», – деді Хайен.

Дастана Сәтбаев жарақатына байланысты, 26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының алғашқы төрт матчын өткізіп алуы мүмкін.

Айта кетерлігі, отандасымыз биыл жазда 18 жасқа толған соң Англияның «Челси» сапына ресми түрде ауысқан. Маусымалды дайындықтан кейін «Бернли» командасына жалға берілгені хабарланды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.