Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын Лондондағы зәулім үй туралы жаңа мәлімет шықты

Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын Лондондағы зәулім үй туралы жаңа мәлімет шықты
Дариға Назарбаева. Фото: primeminister.kz.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын Лондондағы қымбат жылжымайтын мүліктің жаңа суреттері тарады. Бірнеше жылдан бері сатылымда тұрған үйге әзірге сатып алушы табылмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, зәулім үй Лондонның беделді аудандарының біріндегі Денвуд-роуд көшесінде, Highgate гольф-клубына жақын жерде орналасқан.

Нысан алғаш рет 2022 жылдың наурызында сатылымға шығарылған. Бастапқы бағасы 11,8 миллион доллар болған үйдің құны кейін 10,5 миллион долларға дейін төмендеген.

Үйдің жалпы аумағы шамамен 765 шаршы метр. Онда жеті жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлмесі, бассейн, бильярд залы және қысқы бақ бар.

Желіде жарияланған суреттерден үйдің сәнді интерьерімен қатар қазақы нақыштағы бұйымдарды да байқауға болады. Бөлмелерде қазақы кілемдер мен көрпелердің болуы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған.

Аталған жылжымайтын мүліктің Дариға Назарбаевамен байланысы туралы ақпарат 2020 жылы кеңінен тараған еді.

Сол кезде Ұлыбританияның Ұлттық қылмысқа қарсы агенттігі бұл үйді және тағы екі жылжымайтын мүлік нысанын уақытша бұғаттап, оларды сатып алуға жұмсалған қаражаттың шығу тегіне қатысты түсініктеме талап еткен.

Кейін Лондон соты жылжымайтын мүлікке қойылған шектеуді алып тастады.

Дариға Назарбаеваның өкілдері мүлік заңды табысқа, оның ішінде «Қант» компаниясының акцияларын сатудан түскен қаражатқа сатып алынғанын мәлімдеген.

Сот ұсынылған материалдарды қарастырып, мүлікке қойылған шектеуді сақтап қалуға жеткілікті негіз жоқ деген шешімге келген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер