«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз - Қазақстан жаңалықтары

Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз - Қазақстан жаңалықтары

Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз. Бүгін сенат отырысында кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірген сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы қаулыға қол қойды. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтпек.

"Бұл шешімнің дұрыстығына және дер кезінде қабылданғанына сенімдімін. Президенттің қаулысы біздің қоғамның көптеген сұрағына жауап береді", - дейді Дариға Назарбаева. 

Сенат спикерінің сөзінше, қазақстандықтар бәрінен бұрын тыныштық, бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты бағалайды. 

"Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз. Сондықтан сайлауалды кезең – әрқайсымыз үшін үлкен әрі жауапты жұмыстың уақыты", - дейді сенат төрағасы. 


stan.kz
Автор
Арман