Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаева Білім басқармаларын жабуды ұсынды

Дариға Назарбаева Білім басқармаларын жабуды ұсынды
05 Желтоқсан 2018, 16:47 938 0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева бүкіл Қазақстан бойынша білім басқармаларын жабу керектігін айтты.

Сенатордың айтуынша, бұл ұйымдар енді қажет болмай қалады. Себебі қазір қазақстандық мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіп жатыр. Бұл әр мектепке өз қорын құруға мүмкіндік береді. Аталған қорда демеушілер мен донорлардың бюджеттен тыс қаржылары жинақталады.

«Бұл жердегі мәселе тек мектептің өз бетінше өмірге дайындығы болып тұр. Бұндай жүйеде облыстық, аудандық және қалалық білім басқармалары керек болмай қалады. Бұл маңызды мәселе, себебі мектеп қаржыландырылады, ал ақша осы ұйымдарда ұзақ уақытқа қалып қояды. Аталған ұйымдар қалағанын істейді, яғни қаржыны бүгін не ертең бере алады немесе мектептерден үнемдеп, оқулықтар немесе жөндеу жұмыстарын толық қаржыландырмайды. Осылайша олар «ештеңе етпейді, ата-аналарға айтып, ақша жинап аласыңдар» дейді. Ол жерде заң бұзушылықтар көп, сондықтан бұл ұйымдардың қаншалықты қажет болу-болмауы сұрақ болып тұр. Мен олардың жабылғанын қолдаймын. Бұл ретте жақсы халықаралық тәжірибенің де бар екенін айтқым келеді», - деді Дариға Назарбаева Парламент кулуарында берген сұхбатында.

Сенатордың айтуынша, бұл шара Білім және ғылым министрлігіне стандарттар мен ережелер әзірлеу барысында бүкіл білім процесін тікелей бақылауға мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос