«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаева 11,8 млн доллар тұратын Лондондағы үйін сатылымға шығарды (ВИДЕО)

Дариға Назарбаева 11,8 млн доллар тұратын Лондондағы үйін сатылымға шығарды (ВИДЕО)

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевке тиесілі делінетін Лондон шетіндегі зәулім үй сатылымға шығарылды, деп жазады kznews.kz сайты Azattyq порталына сілтеме жасап.

Winkworth риелтор компаниясының сайтында жарық көрген хабарландыруда үй туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Төрт қабатты үй Лондондағы жасыл желекті ауданда, Highgate гольф-клубының түбінде, адам аяғы баспайтын Denewood Road тұйық жолының түкпірінде орын тепкен.

11 млн 800 мың АҚШ долларына бағаланған үйге ешқандай құқықтық шектеу жоқ екені, еркін саудаға шығарылғаны хабарланған. Үйді сатып алу мақсатында көру үшін арнайы форманы толтырып, байланыс телефоныңызды қалдыруыңыз керек. Сайтта үйді ипотекаға алудың жолдары да қарастырылған.

Хабарландырудан аумағы 765 шаршы метр болатын үйдің әр қабатының 3D көрінісін көріп, әр бөлмесін жеке тамашалауға болады. Жеті жатын бөлмесі, төрт қонақ бөлмесі мен алты ваннасы бар үйдің фотогалереясы да қоса берілген. Үйдің ішінде үлкен бассейн мен бильярд үстелі бар, барлық бөлмесі қымбат жиһазбен жабдықталған.

Сайттан үйдің картадағы орналасқан орнын, спутниктен қарағандағы көрінісін байқауға болады.

Автор
Еркебұлан