Олимпиадада 10-орын алған Софья Самоделкинаға 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сотта ұтылды

Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сотта ұтылды
Фото: Ашық дереккөзі

Актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы берген талап-арызы бойынша сотта жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл ақпаратты журналистің өкілі болған адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біз Дариға Бадықоваға қарсы сотта жеңіске жеттік. Мен бұл істі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде жүргізіп, оның мүддесін толық қорғадым. Сот Бадықованың бірде-бір талабын қанағаттандырмады», – деді адвокат желідегі парақшасында.

Айта кетейік, сотқа дейінгі талап арызында актриса журналистің YouTube арнасындағы сұхбатты жалған деп тануды, видеоны өшіруді және журналисті көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеуді талап еткен.

Сонымен бірге ол моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, адвокат шығынына 2,5 миллион теңге және сараптамаға кеткен 802 128 теңгені өндіруді сұрап, жалпы соманы 4,3 миллион теңгеден асырып көрсеткен.

«Бұл процесс мен үшін кезекті іс емес, принципті мәселе. Бірінші мамандығым журналист, екінші мамандығым заңгер. Сондықтан сөз бостандығын қорғау мен үшін тек міндет қана емес, кәсіби ұстаным. Мен біреудің жеке өміріне араласқан жоқпын. Журналистің кәсіби еркіндігін, пікір алуандығын қорғадым және авторды өз шығармасын өшіруге мәжбүрлеуге жол бермеу қағидасын ұстандым», – деді Иманбай.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер