ка

"Дара тауар" - Назарбаев Димаш Құдайберген мен Мария Мудряк туралы - Әуен

29.12.2018 11:17
0
5

Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуде опера әншісі Мария Мудряк пен Димаш Құдайбергенді "Дара тауар" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сондай-ақ, ол жас орындаушыларды қолдап, алға тарту керек екенін атап өтті. 

"Бізде танымал адамдар бар. Міне, Димаш Құдайберген. Қалай естіледі? Ол қазақ, қазақстандық екені арқылы елді танытады. Біз әлемге мәдениетімізді батылырақ көрсетуіміз керек", - дейді Мемлекет басшысы. 

Ол опера әншісі Мария Мудряк туралы да сөз қозғады. Айтуынша, қыз жеті жаста болғанда ол лагерьде өнерін алғаш рет тамашалаған. 

"Сарапшылар оның даусы зор екенін айтты. Оған шәкіртақы бердік, Италияға барып аспирантураны бітірді. Енді Еуропаның барлық опера театрында танымал әншіге айналды. Оларды өсіру керек, себебі "дара тауар". Бұл салада бәсеке күшті, сондықтан оларды қолдап, алға жылжуға көмектесу керек", - дейді ол. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий