KZNews.kz
Шоу-бизнес

Данияр Елеусінов Қазақстаннан кетті

Ayzhan Sylanova
Ашықдереккөз

2016 жылғы Олимпиада жеңімпазы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына келіп жетті. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.

Спортшы бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Сәлем, баршаңызға! Нью-Йоркке де келіп жеттік. Енді бірнеше күн бойы жаңа ортаға бейімделу керек. Бұл екі-үш күн, мүмкін бір аптаға созылуы мүмкін. Жақын күндері жаттығуды бастаймыз", – деп жазды ол.

Елеусіновтің бұл сапары жаңа бокстық лигадағы алғашқы кездесуге дайындықпен байланысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы UFC басшысы Дана Уайт пен Сауд Арабиясының промоутерлері негізін қалаған жаңа бокстық лигаға қосылғаны хабарланған. Ол бұл жоба аясында келісімшартқа қол қойған болатын.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары