«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Данияр Елеусінов өзінің жанкүйерлерін қуантты

Данияр Елеусінов өзінің жанкүйерлерін қуантты

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Елеусіновтің менеджері боксшының кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегі биыл өтуі мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін биыл өткізуі мүмкін. Бұл туралы спортшының менеджері Зия Алиев айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол боксшының желтоқсан айында рингке шығуы мүмкін екенін атап өтті. Басылымның хабарлауынша, бұл титулдық жекпе-жек болмайды.

Елеусінов те өзінің Instagram-аккаунтында жанкүйерлеріне жақсы жаңалығы бар екенін айтты.

"Менің жекпе-жектерімді асыға күтетіндер үшін жақсы жаңалықтар алда", - деп жазды спортшы.

Желтоқсан айында өтетін кездесуден кейін қазақстандық спортшы белбеуге таласады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Елеусінов (8-0, 4 КО) 14 қыркүйек күні Нью-Йоркте рингке шыққан болатын. Олимпиада чемпионы Madison Square Garden-нің шағын аренасында америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6 КО) нокаутқа түсірді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан