Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Данияр Елеусінов орынбасарымен теке тіресіп қалған Серік Сәпиевтің оқиғасына пікір білдірді

Данияр Елеусінов орынбасарымен теке тіресіп қалған Серік Сәпиевтің оқиғасына пікір білдірді
Фото: kazpravda.kz

Серік Сәпиевтің есімі аталған дау-дамайдан кейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі сторисі арқылы пікір білдірді. Ол оқиғаның нақты қалай өрбігенінен бейхабар екенін атап өткенмен, айтылған нұсқаларға қатысты өз күмәнін жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Боксшының сөзінше, Серік Сәпиевтің салмағы әлі де шамамен 70 келі шамасында, ал қарсы тараптағы адамның дене бітімі әлдеқайда ірі. Осы тұрғыда ол «итермеледі, бірақ күші жетпей қалды» деген болжамды түсіну қиын екенін жеткізді.

Осыдан кейін Елеусінов әңгіме арнасын спортқа бұрып, жеке тәжірибесін мысалға келтірді. Оның айтуынша, ол ешқашан бетпе-бет келген төбелесте балуаннан жеңіліп көрмеген. Мұны атасының қазақша күреспен айналысқан, «арқасын жерге тигізбеген» спортшы болғанымен байланыстырды. Боксшы осы арқылы әрі күресті, әрі боксты жақсы меңгергенін, ал қажет болған жағдайда кез келген боксшы балуанды жеңе алатынына сенімді екенін білдірді. Сондай-ақ боксшы биыл қайтадан рингке оралатынын айтып, боксты ешқашан төмендетуге болмайтынын жеткізді.

Алайда Елеусіновтің бұл пікірі желі қолданушылары арасында бірден қызу талқы тудырды. Көпшілік оның сөзінен боксты тым жоғары қойып, күрес түрлерін кемсіту байқалады деп сын айтты. Әсіресе «5-6 ел жиналса, күрестен әлем чемпионатын өткізуге болады» деген пікірі көп наразылыққа себеп болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.