"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Даниал Ахметовтың күйеу баласы "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымын иеленді

Даниал Ахметовтың күйеу баласы "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымын иеленді

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы бос лауазымын төраға міндетін уақытша атқарушы ретінде Ерлан Қойшыбаев иеленген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы" бастығының орны әлі бос. Ресми тағайындау болған жоқ. Қойшыбаев бұл қызметті уақытша міндетін атқарушы ретінде ішкі тәртіпке сай иеленді –мысалы, егер басқарма төрағасы демалысқа шыққанда да, дәл солай Қойшыбаев оның орнына уақытша міндетін атқарушы болар еді", – деп мәлімдеген агенттік дереккөзі.

ҚТЖ бастығы міндетін уақытша атқарушы атанған Ерлан Қошыбаев – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазақстан темір жолын" таяуда көлік министрі болып тағайындалған Нұрлан Сауранбаев басқарған еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.