"Дұрыс айтасыз, қазақтың көп әйелінің басындағы жағдайды айттыңыз. Сол қызметтен отбасымыз жоғары тұрады", "Дұрыс айттыңыз", "Дана ханым, мен сізді парасатты, білімді адам деп білетінмін. Орта ғасырлық стеоротипке құрылған ойыңызды түсінбедім. Отбасындағы агрессорға төзіп, басқалары невроз бола берсін бе?", "Таяқтың астында жүріп, ештеңе білдірпеуді дәріптеп отырсыз ба?", "Сосын намыс деп жүргенде ешкімге керек емес ауру әйелге айналғанын бір біледі", - деп пікір жазған желі қолданушылары. Дана Нұржігіт Tengrinews.kz порталына берген пікірінде ер азаматтар әйелдердің қадірін түсініп, бағаласын деген ниетпен айтқанын айтып өтті. "Ақындар "Қайран біздің аналар арды ойлаған" дейді. Арды ойлаған аналарды арамызда көріп жүрміз. Қазақ әйелі ерінің басын елге теңеген, елдің абыройы деп ойлаған. Сондықтан, осыны бағалайтын әйел адам не үшін көп қиындыққа көніп жатыр? Не үшін көп қиындыққа осылай үндемей, бір үйдің емес, бір елдің ұйытқысы болып жатыр? Осыны түсінетін арда азаматтарымыз болса екен, шіркін. Осының құнын білетін, әйелдің ақылын, төзімін, шыдамын, парасатын бағалайтын ер азамат көп болса екен деген пікір болатын. Бұл жерде көнбестікке шыдау, таяққа шыдау туралы пікір болмады. Әйелінің парасатының, биіктігінің құнын білетін ерлер көп болса, дүние тепе-теңдікке жетер еді. Менің пікірім - осы", - деді сенатор.View this post on Instagram
Әлішер Кәрімов сырт келбетіне қатысты шындықты айтты
Бүгін, 11:15