"320 мың теңге таппасаң... кедейсің": әлеуметтің табысы туралы түсінігі өзгерді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Comic Con-ға Әділдік құдайы киімімен бармақ болған": әкесі марқұм Айсәуле Қанаха туралы жазба жариялады

"Comic Con-ға Әділдік құдайы киімімен бармақ болған": әкесі марқұм Айсәуле Қанаха туралы жазба жариялады
Фото: Facebook/Саябек Қанаха

Кибералаяқтардың құрбаны болған студент Айсәуле Қанаха Comic Con Astana 2026 фестиваліне шығыс фэнтези ойынындағы Чжун Ли кейіпкерінің косплей костюмін алдын ала сатып алып, фестивальға сонымен қатысуды жоспарлаған. Бұл туралы марқұмның әкесі Саябек Қанаха жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бүгін Comic Con Astana 2026 фестивалі басталады. Осы фестивальға қатысуды менің қызым Айсәуле армандаған еді. Ол сүйікті кейіпкерінің косплей костюмін алдын ала сатып алып, осы күнді асыға күткен болатын. Егер Айсәуле 1 сәуір күні өз еркімен өмірден кетуді жоспарлаған болса, неге ол 6 тамызда өтетін Comic Con-ға дайындалды? Неге костюм сатып алып, болашаққа жоспар құрды? Жауабы біреу ғана. Оның өмірі өз жоспарымен емес, кибералаяқтардың әрекеті салдарынан үзіліп қалды", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Саябек Қанаханың айтуынша, бұл – тек бір отбасының қайғысы емес. Қазақстанда мыңдаған адам күн сайын кибералаяқтардың құрбаны болып жатыр. Біреулер ақшасынан айырылса, біреулер денсаулығынан, ал кейбір отбасылар ең қымбат адамынан айырылып отыр.

"Мен Айсәуле ісін зерттеу барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі бірқатар жүйелік кемшіліктерді көрдім. Сондықтан балалар мен азаматтарды қорғауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды петиция ретінде жарияладым. Ол жақын арада модерациядан өтті. Бұл петиция – өткенді өзгерту үшін емес. Ол басқа отбасылар біздің қайғымызды қайталамауы үшін қажет. Егер Сіз де Қазақстанда балалар мен азаматтарды кибералаяқтардан қорғау жүйесін күшейту қажет деп санасаңыз, петицияны қолдауыңызды сұраймын. Бір ғана қолтаңба ештеңені өзгертпейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ мыңдаған қолтаңба заңнаманы өзгертуге себеп бола алады", - дейді қыздың әкесі.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 сәуірінде Астанадағы Есіл жағалауынан 20 жастағы Айсәуленің мәйіті табылған. Марқұмның басына полиэтилен пакет кигізілген, ал маңдайында көгерген із болғаны айтылды. Алайда полиция істі бірден «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеген. Отбасы қыздың өзіне қол салғанына сенбейді. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі