"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Cobalt пен Alphard қана емес: елімізде жол апатына жиі ұшырайтын көлік маркалары анықталды

Cobalt пен Alphard қана емес: елімізде жол апатына жиі ұшырайтын көлік маркалары анықталды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Kznews.kz ақпарат агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде елімізде жол-көлік оқиғасына жиі түсетін автокөліктерге қатысты деректерді ұсынды. Бұл тек жеңіл көліктерге ғана емес, жүк көліктері мен автобустарға да қатысты ақпарат.

Комитет 2024 жылғы және 2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы (қаңтар-наурыз) мәліметтерді ұсынды. Бұл ретте тек адам өліміне немесе жарақаттануына себеп болған жол-көлік оқиғалары қамтылған.

Сонымен, жеңіл көліктер арасында жиі жол апатына ұшырайтын үш марка мыналар: Toyota CamryChevrolet CobaltDaewoo Nexia.

Ал жүк көліктері арасында ресми статистика бойынша ең көп апатқа ұшырайтын маркалар: КамАЗГАЗ және Volvo.

Автобустар арасында жол апатына жиі түсетін маркалар: YutongПАЗ және Golden Dragon.

«Аталған кезеңдер бойынша бұл көліктердің маркалары жылдан-жылға өзгермейтіні байқалады. Мұны сұраныс кезеңіндегі елдегі автопарк құрамымен байланыстыру қажет. Сонымен қатар, 2024 жылы Toyota Alphard көліктері жүргізушілерінің кінәсінен 216 адамның зардап шегуіне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында мұндай 31 оқиға тіркелді», – деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенов.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.