ChatGPT Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді
09.04.2025
15:06
0
17

ChatGPT әзірлеген OpenAI жасанды интеллект компаниясы Өзбекстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелді. Өзбекcтандықтар оны 2023 жылдың қараша айынан бастап пайдаланып келеді. Бұл туралы Sport.uz сайты жазды.
8 сәуірде компания Салық комитетінің электронды қызмет көрсетушілерінің арнайы платформасына енгізілген.
АҚШ-тың DigitalOcean бұлттық қызметтер провайдері де электронды қызмет провайдері ретінде комитет тізімінде тұр.
Жалпы Өзбекстанда тіркелген шетелдік интернет-компаниялардың саны 67-ге жеткен. 2025 жылдың басындағы жағдай бойынша барлығы 7 компания салық төлеуші ретінде тіркелген.
ChatGPT — OpenAI жасаған және алғаш рет 2022 жылдың қарашасында енгізілген жасанды интеллектке негізделген сөйлесу жүйесі. Ол пайдаланушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындауға, кеңес беруге және жалпы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Өзбекстандықтарға 2023 жылдың қарашасынан бастап ChatGPT тіркелу және пайдалану құқығы берілді.
Айта кетейік, депутат Дәулет Мұқаев Қазақстанда мектеп оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу енгізуді ұсынған болатын.
Сондай-ақ, ChatGPT негативті жаңалықтар мен психотерапияға реакция білдіреді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ