Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Чемпион Данияр Елеусіновтың жұбайына көршісіне күш көрсетті деген айып тағылды

Чемпион Данияр Елеусіновтың жұбайына көршісіне күш көрсетті деген айып тағылды
Фото: әлеуметтік желіден

Қарағандының Майқұдық ауданында Олимпиада чемпионы боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты оқиға қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы ақпараттық порталдар хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жергілікті тұрғын Әсел Жабықбаеваның айтуынша, кешке белгісіз әйел олардың үйіне келіп, өзін көршінің немересі ретінде таныстырып, наразылық білдірген. Кейін сөзжанжал ушығып, күш қолдануға ұласқан. Оның сөзінше, келген әйел оған қол көтерген, ал артынан келген қарт ер адам анасына жарақат келтірген болуы мүмкін.

Ал Саида Елеусінова тағылған айыптарды жоққа шығарып, жағдай арандату болуы ықтимал екенін мәлімдеді.

27 қаңтарда полицияға көршілер арасындағы жанжал туралы хабар түскен. Барлық арыздар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, соңғы шешім сараптама нәтижесіне сай қабылданады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.