Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БЖЗҚ туралы жаңа заңға түзету енгізіледі - Асхат Аймағамбетов

БЖЗҚ туралы жаңа заңға түзету енгізіледі - Асхат Аймағамбетов
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы ануитетіне байланысты заңдағы жаңа өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады kznews.kz.

Бұл жөнінде ол Telegram парақшасында жазды.

Депутаттың айтуынша, қабылданған заңда маңызды түзету бар. Бұған дейін зейнетақы ануитетін рәсімдеген адам қайтыс болған жағдайда, оның шотында қалған қаражат мұрагерлеріне толық көлемде бірден берілмейтін. Отбасы мүшелері бұл ақшаны тек ай сайын бөліп, ұзақ уақыт бойы ғана ала алатын.

"Кеше қабылданған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді. Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді", – деді депутат.

Аймағамбетовтің сөзінше, енді бұл тәртіп өзгереді. Егер зейнетақы ануитеті бойынша шотта қаражат қалса, мұрагерлерге таңдау беріледі. Олар ақшаны бұрынғыдай ай сайын бөліп ала алады немесе қалған соманы бір күнде толық шешіп алуына мүмкіндік бар.

Депутат бұл өзгеріс отбасыларға ыңғайлы болу үшін енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұрынғыдай қатаң шектеу болмайды, шешімді мұрагерлердің өзі қабылдайды.

"Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлы әрі икемді еттік", – деді Асхат Аймағамбетов.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.