"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді

БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді

Астана. 21 қаңтар. KAZISLAM – Астана процесі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында аталды. Осылайша әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін бас орган Қазақстанның Сирия шиеленісін реттеуге қосқан еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарар мәтінінде келіссөздердің астаналық форматы тұтқынға түскен адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тезірек босатылуына, сондай-ақ қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды анықтауға елеулі үлес қосып жүргені айтылған. Құжатты дайындауға қазақастандық дипломаттар да қатысқан. Арасында Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Дәулет Ембердиев бар.

«Елбасы тапсырмасымен Астана процесімен айналыстық. Іс жүзінде ол Сириядағы бейбітшілікке жетудің жалғыз тиімді құралы ретінде қалып отыр. Қазақстандық дипломатия, қазақ жанының ниеті секілді адал әрі мейірімді. Үнемі бейбітшілікке шақырып, тараптарды бітістіретін бастамалар ұсынып, жүйелі саясат ұстандық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде халқымыздың бейбіт саясатын паш еткенімізді мақтан тұтуға болады деп санаймын. Табысқа жетіп, өз міндетімізді орындадық» дейді Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы, Дәулет Ембердиев.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан