Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген

Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген
Бурабай курортында ҚР Президентінің Іс басқармасы «Бурабай даму» ЖШС және Бурабай кентінің әкімшілігі ұйымдастырған мерекелік шараларға 10 мыңға жуық адам адам қатысты. Бұл Бурабайға Наурыз мейрамын тойлауға келген бурабайлықтар мен туристердің рекордтық саны.
Курорт тұрғындары мен қонақтары үшін талантты шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынды.
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен
Жиналғандардың барлығына наурыз көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, арқан тарту, армрестлинг, қой көтеру тәрізді түрлі ұлттық ойындар өткізілді.
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен
«Наурыз мейрамы жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіреді, бұл ең алдымен жақсылық, бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім мерекесі. Көпшіліктің қатысуымен өткен мерекелік шаралар Наурызнамның 10 күнге созылған басты оқиғалары болды», - деді «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен.
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен
Айта кетсек, бұдан бұрын бес мыңнан астам ақмолалық Наурыз мейрамын дүркіретіп атап өткенін жазғаны едік.
Автор
Нұрсұлтан