KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Бұл қалай алды?” - Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ayzhan Sylanova

Әншінің айтуынша, ол бұл марапатқа 25 жылдық табанды еңбегінің арқасында қол жеткізген.

«Сынақтан соң СЫЙ келді… Алланың жазғаны осы шығар. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Қадірлі ағайын! “Қазақстанның Халық әртісі” атағыммен құттықтап жатқан барша қазақ еліне бас иемін. Әрқайсыңыздың кеудеңізде осындай жұлдыз жарқырай берсін», – деп жазды ол.

Тамара Асар өзіне берілген марапаттың әділ екенін де атап өтті.

“Бұл атақты қалай алды, не үшін алды?” деп сын айтқан жандар да менің көрерменім. Түсіндіре кетейін: мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында 25 жылдан бері қызмет етіп келемін. Туған өлкемнің ешбір мерекесінен қалып көрмедім. Мемлекеттік айлықпен шүкіршілік етіп, шақырса да, шақырмаса да барлық мәдени шараға өз еркіммен қатысамын. Репертуар мен киім жаңартуды да ұмытпаймын. Маған туған жерімнің разылығы – ең үлкен марапат», – деді әнші.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары