KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Бұл оның соңғы видеосы”: Сәкен Мсйғазиев жылап тұрып анасын еске алды

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев марқұм анасының жаназасында сөз сөйлеп, оның өмірінің соңғы кезеңі туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаназа кезінде Сәкен Майғазиев анасының жағдайы соңғы уақытта бірде жақсарып, бірде нашарлағанын айтты. Оның сөзінше, анасы кейде балаларын таныса, кейде танымаған. Сондай-ақ тамақ ішуден де қалған кездері болған.

«Анам баршаңызға ақ тілегін жаудырып еді. Бұл оның соңғы видеосы еді. Сәл қолымыз қалт етсе, уақытымыз бола қалса, бірден ауылға баратын едік», – деді әнші көзіне жас алып.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі достары мен оқырмандары анасының сауығып кетуін тілеп, жағдайын жиі сұрап отырғанын еске алды. Жақындарының анасына алаңдап, қолдау білдіргені әншіге ерекше әсер еткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →