"Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім".
Анасынан айырылған Сәкен Майғазиевтің қабір басында жалғыз қалып, көз жасына ерік берген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz
Желіде тараған кадрларды жерлеу рәсіміне қатысқан әншінің жақындарының бірі жариялаған. Ол жазбасында ана қадірі туралы ой қозғап, Сәкен Майғазиевтің ауыр сәтін көпшілікпен бөлісті.
"Жұрт тараған соң, @saken_maigaziyev ағамыздың анасы Ұлтай әжеміздің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көріп, жүрегім елжіреді…
Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен…
Артында осындай иманды, парасатты ұрпақ қалдырған Ұлболсын әжеміздің жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болсын! Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін!
Ана жүрегі балам деп соқса, бала жүрегі анам деп мәңгі соғады…", - деп жазды ол.