Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жары Динара Майғазиеваға арнап жылы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі жұбайын туған күнімен құттықтап, бірге ұзақ ғұмыр кешуді тілеген.
"Жаңа жасыңыз құтты болсын, жүрегімнің ішіндегі жүрегім! Мейірімі шексіз Алладан саналы, салиқалы ұрпақтарымыздың жақсылығын ғана көріп, бірге әдемі қартаюымызды тілеймін", – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әнші жазбасында жарына деген ықыласын білдіріп, отбасының амандығы мен балаларының қызығын бірге көруді тіледі.