Жанар Айжанованың айтуынша, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаға ие болған. Марапатты әншіге Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин табыстаған.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында мұндай құрметке бөлену өзі үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік екенін жеткізді.
"Бүгін менде Республика күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен, Вице-Президент Ерлан Қариннің қолынан «Құрмет» орденімен марапатталдым. Осы орайда барша қазақ елін ұлы мерекемен құттықтай отырып, осы құрметке лайықты деп сенім артқан Мемлекет басшысына да, ыстық ықыласын аямаған халыққа да алғысым шексіз", – деп жазды әнші.