Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгінгі жастар түбегейлі өзгерген - «Жаңа адамдар» қозғалысының басшысы Әсел Баденова

Бүгінгі жастар түбегейлі өзгерген - «Жаңа адамдар» қозғалысының басшысы Әсел Баденова
Видеодан алынған кадр

Соңғы жылдары Қазақстанда азаматтық бастамаларды дамытуға және «Жаңа адамдар» қозғалысы ұстанып отырған риторикаға деген сұраныстың артуы бірқатар факторларға байланысты. Бұл туралы «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының көшбасшысы Әсел Баденова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі жастар түбегейлі өзгерген және қоғамдағы үдерістерге бұрынғыдан да прагматикалық көзқараспен қарайды.

«Қазіргі жастарды бос логикамен, жалаң ұранмен қызықтыру мүмкін емес. Олар үшін нақты әрекет пен нәтиже маңызды. Азаматтық бастамаларға деген сұраныс бүгін немесе кеше ғана пайда болған жоқ. Меніңше, бұл үрдіс 2022 жылдан бастау алды», – деді ол.

Әсел Баденованың пікірінше, сол жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан» құру идеясын жария түрде ұсынған сәттен бастап қоғам бұл бастамаға ашық түрде үн қата бастаған.

«Тең мүмкіндіктер қоғамы туралы идеяны халық қолдады. 2022 жылы өткен референдум да азаматтың ел тағдырын шешудегі рөлін нақты көрсетті. Ашық халықтық дауыс беру арқылы азаматтың өзі шешім қабылдау процесінің орталығына шықты. Сол кезден бастап қоғамдағы көзқарас айқын өзгерді», – деді қозғалыс көшбасшысы.

Ол қазіргі жаһандық жағдайға да назар аударды. Бір жағынан, жасанды интеллект пен технологиялардың қарқынды дамуы байқалса, екінші жағынан, әлемде күрделі геосаяси ахуал қалыптасып отырғанын атап өтті.

«Президент жуырда, қараша айында, еліміздің егемендігін нығайту аясында ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын жариялады. Солардың ішінде “адал азамат” ұстанымы ерекше аталды. Біз үшін бұл түсінік өте маңызды. “Жаңа адамдар” қозғалысы да дәл осы адал, жауапты, саналы азамат идеясын алға тартады», – деді Әсел Баденова.

Оның айтуынша, бүгінде қоғам әділдікке, ашықтыққа және нақты нәтижеге негізделген жаңа азаматтық мәдениетті талап етіп отыр, ал жастар осы өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналуда.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.